29 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №20/52

312 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2014 жылғы 21 қаңтар, Астана қаласы Өсімдік шаруашылығы қызметіндегі кәсіби стандартты бекіту туралы 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес, бұйырамын: 1. Өсімдік шаруашылығы қызметіндегі кәсіби стандарт бекітілсін. 2. Егінішілік департаменті (А.А. Буць) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын. 3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.МАМЫТБЕКОВ. Келісілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова ___________ 2014 жылғы 7 сәуір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қантардағы № 20/52 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы қызметіндегі кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Өсімдік шаруашылығы қызметіндегі кәсіби стандарты (бұдан әрі КС): 1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге; 2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге; 3)аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге; 4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға; 5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге; 6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге; 7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған. 2. КС негізгі пайдаланушылары: 1)білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар; 2)ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары; 3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар; 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар. 3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін. 4. Осы КС төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады: 1) біліктілік – жұмысшының еңбектің нақты түрін орындауда кәсіби дайындығының дәрежесі; 2) біліктілік деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі; 3) еңбек заттары – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында жұмысшының әрекеттері бағытталған заттар; 4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде жұмысшының қолданатын құралдары; 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіліктердің тұтас жиынымен құрамдастырылған кәсіби қызмет саласының құрама бөлігі; 6) еңбек функциясы – бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы; 7) кәсіби қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы; 8) КС– кәсіби іс-әрекеттің нақты саласындағы біліктілік деңгейлерге, құзыреттіліктерге, сонымен қатар еңбек мазмұны, сапасы және шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт; 9) КС бірлігі –КС еңбек қызметінің нақты түрі бойынша маңызды, қатысымды дербес, аяқталған, бүтін нақты еңбек функциясының толық сипаттамасының құрылымдық элементі; 10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі; 11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті; 12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі; 13) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асырумен және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы; 14) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ мекемелер мен ұйымдардың жиыны; 15) салалық біліктілік шеңбері – салада танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы; 16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығындағы танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы; 17) функционалдық карта – бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы. 2. КС паспорты 5. Экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер жіктеушісі 03-2007: 01.11 Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты және майлы дақылдарды өсіру, 01.12 Күріш өсіру, 01.13 Көкөністер мен бақша дақылдарын, тамыр жемістерді және түйнек жемістілерді өсіру, 01.15 Темекі өсіру, 01.19 Өзге маусымдық дақылдарды өсіру, 01.28 Дәм-татымдық дақылдар, хош иісті, күшті есірткі және фармацевтикалық дақылдарды өсіру, 01.30 Тәлімбақ өнімдерінің өндірісі. 6. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: азық-түлік өнімі ретінде қолдану мақсатында екпе өсімдіктерді күтіп-баптау, өнімді азық ретінде, шикізатты өндіріс үшін және сәндік мақсатында алу. Дала дақылдарының сұрыптары, гибридтері мен нысандарын зерттеу, биология ерекшеліктерін және аз шығын мөлшері арқылы жоғары өнімділік пен сапаны қамтамасыз ететін дала дақылдарын өсірудің озық тәсілдерін зерттеу. КС тағам өнімдерін өндіру кәсіби қызметі саласында еңбек заттарына, сапасына, жағдайына, қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді. 7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген. Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады: тұқымдарды суландыру желісінің операторы; тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы; күрішші; темекі өсіруші; гүл өсіруші; құлмақ өсіруші; саңырауқұлақ өсіруші; эфир майын алушы; тәлімбақ маманы; тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном. 3. Еңбек қызмет түрлерінің карточкасы (кәсіп) 1-параграф. Тұқымдарды суландыру желісінің операторы 8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3-4. 9. Лауазымның мүмкін атаулары: тұқымдарды суландыру желісінің операторы. 10. «Тұқымдарды суландыру желісінің операторы» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: тұқымдарды жібіту үдерісін жүзеге асыру. 11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген. 12. Тұқымдарды суландыру желісінің операторы еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген. 13. Еңбек функцияларын айқындайтын, тұқымдарды суландыру желісінің операторы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген. 14. Тұқымдарды суландыру желісінің операторы орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген. 15. Тұқымдарды суландыру желісінің операторы құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген. 2-параграф. Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы 16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3-4. 17. Лауазымның мүмкін атаулары: тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы. 18. «Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: тұқымдарды дәрілеу үдерісін жүзеге асыру. 19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген. 20. Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген. 21. Еңбек функцияларын айқындайтын, тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген. 22. Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген. 23. Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген. 3-Параграф. Күрішші 24. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-3. 25. Лауазымның мүмкін атаулары: күрішші. 26. «Күрішші» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: топырақты егінге және егіске дайындау, күрішті егу, егінді өсіру және күтім жасау. 27. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген. 28. Күрішшінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген. 29. Еңбек функцияларын айқындайтын, күрішші орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 4-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген. 30. Күрішші орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 4-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген. 31. Күрішшінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 4-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген. 4-параграф. Темекі өсіруші 32. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-3. 33. Лауазымның мүмкін атаулары: темекі өсіруші. 34. «Темекі өсіруші» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: топырақты егіске дайындау, темекіні егу, егінді өсіру және күтім жасау. 35. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 5-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген. 36. Темекі өсірушінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген. 37. Еңбек функцияларын айқындайтын, темекі өсіруші орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 5-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген. 38. Темекі өсіруші орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 5-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген. 39. Темекі өсірушінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 5-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген. 5-параграф. Гүл өсіруші 40. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3. 41. Лауазымның мүмкін атаулары: гүл өсіруші. 42. «Гүл өсіруші» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: топырақты егінге және егіске дайындау, гүл дақылдарын егу, егінді және егісті өсіру, күтім жасау. 43. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 6-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген. 44. Гүл өсірушінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы кәсіби стандарттың 6-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген. 45. Еңбек функцияларын айқындайтын, гүл өсіруші орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 6-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген. 46. Гүл өсіруші орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 6-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген. 47. Гүл өсірушінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 6-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген. 6-параграф. Құлмақ өсіруші 48. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-3. 49. Лауазымның мүмкін атаулары: құлмақ өсіруші. 50. «Құлмақ өсіруші» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: топырақты өңдеу жұмыстарын жүргізу, құлмақты өсіру, олардың күтімі. 51. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 7-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген. 52. Құлмақ өсірушінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 7-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген. 53. Еңбек функцияларын айқындайтын, құлмақ өсіруші орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 7-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген. 54. Құлмақ өсіруші орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 7-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген. 55. Құлмақ өсірушінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 7-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген. 7-параграф. Саңырауқұлақ өсіруші 56. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3. 57. Лауазымның мүмкін атаулары: саңырауқұлақ өсіруші. 58. «Саңырауқұлақ өсіруші» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: ашық және жабық жерде саңырауқұлақтарды өсіру жұмыстарын жүргізу, топыраққа күтім жасау, саңырауқұлақтарды жинау. 59. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 8-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген. 60. Саңырауқұлақ өсірушінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 8-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген. 61. Еңбек функцияларын айқындайтын, саңырауқұлақ өсіруші орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 8-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген. 62. Саңырауқұлақ өсіруші орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 8-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген. 63. Саңырауқұлақ өсірушінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС8-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген. 8-параграф. Эфир майын алушы 64. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-3. 65. Лауазымның мүмкін атаулары: эфир майын алушы. 66. «Эфир майын алушы» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: эфир майы мен дәрілік дақылдарды өсіру жұмысының кешенін орындау. 67. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 9-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген. 68. Эфир майын алушының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 9-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген. 69. Еңбек функцияларын айқындайтын, эфир майын алушы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 9-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген. 70. Эфир майын алушы орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 9-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген. 71. Эфир майын алушының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 9-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген. 9-параграф. Тәлімбақ маманы 72. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3. 73. Лауазымның мүмкін атаулары: тәлімбақ маманы. 74. «Тәлімбақ маманы» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: тәлімбақтарда топырақты дайындау, егу, жабайы шемішкелі және сүйекті дақылдарды отырғызу жұмыстарын орындау. 75. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 10-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген. 76. Тәлімбақ маманының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 10-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген. 77. Еңбек функцияларын айқындайтын, тәлімбақ маманы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 10-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген. 78. Тәлімбақ маманы орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 10-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген. 79. Тәлімбақ маманының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 10-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген. 10-параграф. Тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном 80. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-7. 81. Лауазымның мүмкін атаулары: тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном. 82. «Тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном» кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: жоғары сапалы сұрыптық тұқымдар мен отырғызылатын материалдарды өсіру жұмыстарын ұйымдастыру, уақытылы тұқым өсіру егістіктерді жинау, тұымдарды себу жұмыстарын ұйымдастыру. 83. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 11-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген. 84. Тұқым шаруашылығы жөніндегі агрономның еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 11-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген. 85. Еңбек функцияларын айқындайтын, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 11-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген. 86. Тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 11-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген. 87. Тұқым шаруашылығы жөніндегі агрономның құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 11-қосымшасының 5, 6, 7, 8-кестелерінде көрсетілген. 4. КС әзірлеушілері 88. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады. 89. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 12 - қосымшасында көрсетілген. Өсімдік шаруашылығы қызметіндегі кәсіби стандартының 1-қосымшасы Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері № р/с Қызмет түрі атауы Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы 01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы СБШ біліктілік деңгейлері 1. Өсімдік шаруашылығы Тұқымдарды суландыру желісінің операторы Жабық топырақтың құрал-жабдық операторы Тұқымдарды суландыру желісінің операторы Жабық топырақтың құрал-жабдық операторы 3-4 2. Өсімдік шаруашылығы Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы Жабық топырақтың құрал-жабдық операторы Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы Жабық топырақтың құрал-жабдық операторы 3-4 3. Өсімдік шаруашылығы Күрішші Күрішші 2-3 4. Өсімдік шаруашылығы Темекі өсіруші Темекі өсіруші 2-3 5. Өсімдік шаруашылығы Гүл өсіруші Гүл өсіруші 3 6. Өсімдік шаруашылығы Құлмақ өсіруші Құлмақ өсіруші 2-3 7. Өсімдік шаруашылығы Саңырауқұлақ өсіруші Саңырауқұлақ өсіруші 3 8. Өсімдік шаруашылығы Эфир майын алушы Эфир майын алушы 2-3 9. Өсімдік шаруашылығы Тәлімбақ маманы Тәлімбақ маманы 3 10. Өсімдік шаруашылығы Тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном Тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном 4-7 Өсімдік шаруашылығы қызметіндегі кәсіби стандартының 2-қосымшасы 1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ) Базалық топ 6111Тұқымдарды суландыру желісінің операторы Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА) Шығарылым, БТБА тарауы 64 шығарылым, «Өсімдік шаруашылығы, су және орман шаруашылығындағы жалпы механикаланған жұмыстар» БТБА бойынша кәсібі Жабық топырақтың құрал-жабдық операторы СБШ біліктілік деңгейі БТБА бойынша разрядтар 3 3-4 2-кесте. Тұқымдарды суландыру желісінің операторының еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) Базалар, бөлімшелер, ұйымдар, кәсіпорындар, цех, комбинат Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Жоқ Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі Қажетті еңбек тәжірибесі 3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіп-орында оқыту) Талап етілмейді 3-кесте. Тұқымдарды суландыру желісінің операторы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі Еңбек функ-цияларының шифры Еңбек функцияларының атауы (кәсіби стандартының бірлігі) 1 Механикаландырылған желілерде дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлтұқымдас дақылдар тұқымдарын суландыру процесін жүзеге асыру 2 Тұқымдарды суландыру технологиялық процесін бақылау және реттеу. Беріліп отырған технологиялық режимді автоматика және бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Құрылғылардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Қажетті құжаттамаларды толтыру 4-кесте. Тұқымдарды суландыру желісінің операторы орындайтын КС бірліктерінің тізбесі Еңбек функция-ларының шифры Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) 1 Дәнді (күріш пен тәтті жүгері тұқымдарын қоспағанда) көкөніс, бақша, жемазықтық (азықтық жүгеріні қоспағанда) және гүлтұқымдас дақылдардың тұқымдары Май мен суды жұқтырмайтын мақтадан жасалған материалдан тігілген костюм (куртка жартылай комбинезон/немесе шалбар) немесе судан қорғайтын пленкалы жабындыдан жасалған синтетикалық материалдан тігілген костюм (куртка жартылай комбинезон/немесе шалбар), таза теріден тігілген етік (немесе резеңке етік), резеңке қолғап (немесе полимер материалдан жасалған қолғап) 1-1) Дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлтұқымдас дақылдардың тұқымдарын суландыруға арналған ерітінділерін дайындау 1-2) Дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлтұқымдас дақылдардың тұқымдарын суландыру 1-3) Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен технологиялық процеске бақылау жүргізуді қамтамасыз ету 2 Дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлтұқымдас дақылдардың тұқымдары Автоматика құралдары және бақылау-өлшеу приборлары, қорғаныс костюмдері, маскалар, қолғаптар 2-1) Қоқыстарды, дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлтұқымдас дақылдардың тұқымдары қалдықтарын жинау 5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі тұқымдарды суландыру желісінің операторы құзыретіне қойылатын талаптар Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер 1-1) Құрал-жабдықпен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитарияны сақтауына, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жеке жауапкершілік Тұқымдарды суландыруға арналған ерітіндіні дайындау технологиясы бойынша жұмыс істеу дағдысы Дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық, гүлтұқымдас дақылдардың тұқымдарын суландыруға арналған ерітіндіні дайындау технологияларын білу, құрал-жабдықпен жұмыс істеу барысында ақауларды анықтау және жою әдістері 2-1) Зейінділік, ұқыптылық, тұқымдарды суландыру процесі кезіндегі жұмыс жауапкершілігі Аппараттарды пайдалану дағдылары, тұқымдарды суландыру технологиялық процесін реттеу және бақылау Өндірістік құрал-жабдықтармен жұмыс істеу ережелерін білу, дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлтұқымдас дақылдардың тұқымдарын суландыру технологиясының нұсқаулықтары Өсімдік шаруашылығы қызметіндегі кәсіби стандартының 3-қосымшасы 1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ) Базалық топ 6111 Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА) Шығарылым, БТБА тарауы 64 шығарылым, «Өсімдік шаруашылығы, су және орман шаруашылығындағы жалпы механикаланған жұмыстар» БТБА бойынша кәсібі Жабық топырақтың құрал-жабдық операторы СБШ біліктілік деңгейі БТБА бойынша разрядтар 3 3-4 2-кесте. Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторының еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) Базалар, бөлімшелер, ұйымдар, кәсіпорындар, цех, комбинат Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Жұмыс аймағы ауасында қауіпті газдар мен бу, иіс газы, азот оксиді, акролеин және тетраэтилмырыштың жоғары шоғырлануы денсаулықтың нашарлануына, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, ал үздіксіз әсер нәтижесінде кәсіби ауруларға әкеледі Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі Қажетті еңбек тәжірибесі 3 Негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту), тәжірибелік өтілімсіз Талап етілмейді 3-кесте. Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі Еңбек функция-ларының шифры Еңбек функцияларының атауы (кәсіби стандартының бірлігі) 1 Механикаландырылған желілерде дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлді дақылдардың тұқымдарын дәрілеу процесін жүзеге асыру. Улы химикаттар, жемазықтар дайындау, тұқымдарды арнайы ыдыстар және машиналардың көмегімен улы химикат заттармен дәрілеу, бүрку, тозаңдандыру, улы жемазықтарды шашу, дала жағдайында улы заттарды пайдалану 2 Тұқымдарды дәрілеу технологиялық процесін бақылау және реттеу. Берілген технологиялық режимді автоматика және бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен қамтамасыз ету 3 Құрал-жабдықтар жұмысына байланысты ақаулықтарды жою. Қажетті құжаттамаларды жүргізу 4-кесте. Тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы Еңбек функция-ларының шифры Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) 1 Дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлді дақылдардың тұқымдары, химия препараттары Қышқылға төзімді комбинезон, қышқыл сілті заттарға төзімді резеңке етіктер, резеңке қолғаптар, су өткізбейтін қол жапқыштар, газды аэрозольды респиратор, поликарбонатты (немесе минералды) және бекітілген әйнегі бар «В-1» типті жарық фильтрі бар көзілдірік 1-1) Дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлді дақылдардың тұқымдары дәрілеуге арналған улы химикат заттар мен жемазықтары бар қоспаларды дайындау 1-2) Ыдыстар және машиналар көмегімен қоспалар қосылған улы химикаттар арқылы тұқымдарды дәрілеу 1-3) Бақылау-өлшеуіш құралдарының көмегімен технологиялық процеске бақылау жүргізуді қамтамасыз ету 2 Қалдықтар, қоқыс, тұқым қалдықтары Су өткізбейтін, арнайы ерітіндімен ылғалданған арнайы киім, арнайы уға қарсы материалдан жасалған полимерлі жабындысы бар қол жапқыштар, маскалар, қолғаптар, сыпрғыш, қоқысқа арналған контейнерлер 2-1) Қалдықтарды, қоқыстарды, дәнді, техникалық, көөкніс, бақша, жемазықтық және гүлді дақылдардың тұқымдарын жинау 5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі тұқымдарды дәрілеу желісінің операторы құзыретіне қойылатын талаптар Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер 1-1) Құрал-жабдықпен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитарияны сақтауына, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жеке жауапкершілік Тұқымдарды дәрілеуге арналған улы химикаттар қоспаларын, жемді дайындау технологиясы бойынша жұмыс істеу, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары; тұқымдарды дәрілеуге арналған препараттарды мөлшерлеу, ыдыстар мен машиналарды улы химикаттар қоспаларымен толтыру, тозаңдандыру, бүрку, улы жемазықтарды шашу Дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлді дақылдардың тұқымдарын дәрілеуге арналған қоспаны, жемді дайындау технологияларын білу, құрал-жабдықпен жұмыс істеу бары-сында ақауларды анықтау және жою әдістері. Дала жағдайында улы заттарды сынау 2-1) Зейінділік, ұқыптылық, жеке жауапкершілік Егістікте улау сынағын өткізе алады. Дәнді, техникалық, көкөніс, бақша, жемазықтық және гүлді дақылдардың тұқымдарын дәрілеу технологиясы Дала жағдайында улы заттарды сынау тәсілдері Тұқымдарды дәрілеу, ыдыстар мен машиналарға улы химикаттар қоспасын құю, бүрку, тозаңдандыру, улы жемазықтарды шашу технологиясын білу Өсімдік шаруашылығы қызметіндегі кәсіби стандартының 4-қосымшасы 1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ) Базалық топ 6111Күрішші Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА) Шығарылым, БТБА тарауы 64-шығарылым, 19 тарау. Өсімдік шаруашылығы, су және орман шаруашылығындағы жұмысшылар кәсіптерінің жұмыстарының сипаттамалары БТБА бойынша кәсібі Күрішші СБШ біліктілік деңгейі БТБА бойынша разрядтар 2 2 3 3 2-кесте. Күрішшінің еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) Базалар, плантациялар, бөлімшелер, ұйымдар, кәсіпорындар, шаруа қожалықтары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Жоқ Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі Қажетті еңбек тәжірибесі 2 Жалпы, орта, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі бар болған жағдайда тәжірибелік өтілім және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы базасындағы қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту) Талап етілмейді 3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған кезде практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы (бір жылға дейін кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім ұйымдары базасында курстар немесе кәсіпорында оқыту) Талап етілмейді 3-кесте. Күрішші орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі Еңбек функция-ларының шифры Еңбек функцияларының атауы (кәсіби стандартының бірлігі) 1 Топырақты тұқымдарды егуге және отырғызуға дайындық (жырту, бораналау, қопсыту және басқа да жұмыстар), топыраққа арналған тыңайтқыштарды дайындау және салу; тұқымдар мен отырғызылатын материалдарды дайындау 2 Күріш егу, өсіру және егу, отырғызу жағдайларында күтім көрсету (шөптеу, суару нормаларын есептеу, суару және т.б.), күрішті зиянкестерден қорғау (биохимиялық өңдеу); күрішті жинау, сақтау орындарына дейін тасымалдау және жиналған өнімді сақтау, өнімді дайындау қосындарына жеткізу немесе оны тұтынушыларға сату 4-кесте. Күрішші орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы Еңбек функция-ларының шифры Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) 1 Күріш көшеті Қолғаптар, ағаш жәшіктер, қорғаныс костюмдері, маскалар 1-1) Топырақты егу жұмыстарына және күрішті отырғызуға дайындау 1-2) Тыңайтқышты дайындау және топыраққа салу; тұқымдарды және отырғызылатын материалдарды дайындау 2 Күріш тұқым-дары Қолғаптар, себет, қорғаныс костюмдері, маскалар, шағын габаритті тасымалдауға болатын салмағы 0,9 бастап 6 дейінгі массасы бар бүріккіштер, поршеньді пневматикалық сорғыш 2-1) Өсімдіктерді зиянкестерден қорғау (биохимиялық өңдеу) 2-2) Өсіп шыққан дайын өнімді жинау, сақтау орнына жеткізу. Тапсырыс берушілер тарапынан күріштің жеткізілуі немесе тұтынушыларға сатылуы 5-кесте. СБШ біліктіліктің 2-деңгейлі күрішші құзыретіне қойылатын талаптар Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер 1-1) Құрал-жабдықпен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитарияны сақтауына, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жеке жауапкершілік Күрішті өсіру технологиясы, құрал-жабдықпен жұмыс істеу дағдысы Күрішті өсіру технологиясы және оған күтім жасау тәсілдері, топырақты отырғызуға дайындау тәсілдері білу; арам шөптер және зиянкестермен күрес тәсілдері 2-1) Зейінділік, ұқыптылық Химиялық және биологиялық препараттарды пайдалана білу, күрішті егу технологиясы Күрішті егу технологиясы және оған күтім жасау тәсілдерін білу; арам шөптер мен зиянкестерді жою, суару нормаларын есептеу, жинау құрылғысымен жұмыс істеу ережелері 6-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі күрішші құзыретіне қойылатын талаптар Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер 1-1) Құрал-жабдықпен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитарияны сақтауына, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жеке жауапкершілік Күрішті өсіру технологиясы, құрал-жабдықпен жұмыс істеу дағдысы Күрішті өсіру технологиясы және оған күтім жасау тәсілдері, топырақты отырғызуға дайындау тәсілдері білу; арам шөптер және зиянкестермен күрес тәсілдері 2-1) Зейінділік, ұқыптылық Химиялық және биологиялық препараттарды пайдалана білу, күрішті егу технологиясы Күрішті егу технологиясы және оған күтім жасау тәсілдерін білу; арам шөптер мен зиянкестерді жою, суару нормаларын есептеу, жинау құрылғысымен жұмыс істеу ережелері 2-2) Басшылықпен еңбек қатынастарын ұстанады және оған есептік деректерді ұсынады Қарапайым өндірістік жағдайда өзін-өзі бағалау, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және іс-әрекеттерді түзету Затты өзгерту технологияларын, еңбекті жоспарлауды және ұйымдастыруды біледі Өсімдік шаруашылығы қызметіндегі кәсіби стандартының 5-қосымшасы 1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ) Базалық топ 6112 Темекі өсіруші Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА) Шығарылым, БТБА тарауы 64-шығарылым, 19 тарау «Өсімдік шаруашылығы, су және орман шаруашылығындағы жұмысшылар кәсіптерінің жұмыстарының сипаттамалары» БТБА бойынша кәсібі Темекі өсіруші СБШ біліктілік деңгейі БТБА бойынша разрядтар 2 2 3 3 2-кесте. Темекі өсірушінің еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) Қоймалар, базалар, плантациялар, тәлімбақтар, кәсіпорындар, шаруа қожалықтары Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары Жоқ Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес СБШ біліктілік деңгейі Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі Қажетті еңбек тәжірибесі 2 Жалпы, орта, бірақ негізгі ортадан төмен емес білімі бар болған жағдайда тәжірибелік өтілім және/немесе кәсіби дайындық (білім беру ұйымы базасындағы қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту) Талап етілмейді 3 Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған кезде практикалық тәжірибесі және/немесе кәсіби дайындығы (бір жылға дейін кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім ұйымдары базасында курстар немесе кәсіпорында оқыту) Талап етілмейді 3-кесте. Темекі өсіруші орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі Еңбек функция-ларының шифры Еңбек функцияларының атауы (кәсіби стандартының бірлігі) 1 Топырақты егу жұмыстарына дайындау (бораналау, егістікалды қопсыту). Тыңайтқыштарды дайындау және топыраққа салу. Отырғызылатын материалды дайындау 2 Темекіні отырғызу. Көшеттерге күтім жасау және өсіру. Темекіні зиянкестерге қарсы биохимиялық жолмен дәрілеу. Дайын өнімді жинау, сақтау орнына жеткізу және жиналған өнімді сақтау. Өнімді дайындау қосындарына жеткізу немесе тұтынушыларға сатуға қою 4-кесте. Темекі өсіруші орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы Еңбек функция-ларының шифры Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) 1 Темекі көшеттері Қолғаптар, кетпен, қолмен түптегіш құрал, күрек, тырнауыш, кескіш құрал, мотоблок 1-1) Топырақты отырғызуға дайындау (бораналау, қопсыту) 1-2) Темекіні отырғызу. Темекіні өсіру және күтім жасау 1-3) Темекіні зиянкестерден қорғау мақсатында уақытылы биохимиялық дәрілеу жұмыстарын жүргізу 2 Темекі жапы-рақтары Қолғаптар, себет, автокөлік 2-1) Темекіні жинау, кептіру орнына жеткізу, темекіні сақтау 2-2) Темекіні дайындау орындарына жеткізу немесе тұтынушыларға сату. Мазмұны жағынан ұқсас басқа да міндеттемелерді орындау 5-кесте. СБШ біліктіліктің 2-деңгейлі темекі өсіруші құзыретіне қойылатын талаптар Міндеттер шифры Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер Біліктер мен дағдылар Білімдер 1-1) Құрал-жабдықпен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитарияны сақтауына, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жеке жауапкершілік Темекіні өсіру жұмысының дағдылары, құрал-жабдықпен жұмыс істеу дағдысы, химиялық және биологиялық препараттарды пайдалану Темекі өсіру технологиялары және оларға күтім жасау т